Мониторингтік топтың тіркеу жұмыстар Шу ауданында жалғасты. ҚазАвтоЖол мекемесінің жасақтаған жол картасына, мұндағы 6 нысан енген. «Standart Petroleum» деп аталатын жанар май бекеті, ұлттық стандартқа сай. Мұнда автотұрақ, электронды төлем қабылдау, талапқа сай дәретхана бар. Алдағы уақытта кәсіп иесі қонақ үй мен дәмхана ашпақ. Келесі нысан «АТАТҮРК» атымен қызмет етіп келе жатқан бекет. «Д» санатына кіретін мекеменің әзірге дәретханасы ұлттық санат талаптарына сәйкес келмейді. Ал, «Гелиос» жанар-жағар май кешенінде мүгедек жандарға жағдай жасалмаған. «Petro Mobil» бекетінде дәретханаға кіру мүмкін емес. Себебі, құлыпталған есік кілті тазалыққа жауапты қызметкерлердің қалтасында ғана. Кезекті кәсіпкерлік нысан ҚазМұнайГаз. Санитарлық жайды ұмыт қалдырған мекемеде, пандустың да жоғын байқауға болады. Ал, ҚазАвтоЖол мамандары ұлттық санатқа кіргізген «Омар» кешенінің орнында автобөлшек сататын дүкен болып шықты. Деседе мұнда аймақтағы жалғыз туристік компания жұмысын бастаған екен. Мекеме алдағы уақытта ішкі туризмді дамытуға ниетті. Ол үшін мемлекеттен көмек күтуде. Аталған нысандарды республика жолдарына жауапты мекеме  туристер картасыны енгізген. Деседе, мамандар тоғыз жолдың торабындағы Шу өңірінде, сауда нысандардың көптігін көзге ілмеген тəрізді