Тараздан бастау алған сапаны бақылау жұмыстары Мойынқұм ауданында жалғасты. Ең көп жол бойындағы нысандар осы ауқымы үлкен ауданда орналасқан. Бүгінді елордағы апарар жол бойындағы сервистің дамуына біраз мәселе қол байлау болып отыр. Алдымен ол – жол жыры. Жаңа жолдың салынуын күткен кәсіпкерлер кешендеріне жөндеу жұмыстарын жасауға асығар емес. Даңғыл болмай дарбазаны түзеу бекершілік деген пікірде. Сондықтан кешендерге кіре беріс те, тыстағы  дәретханаға барар жол мен тазалықты да кейінгі шегерген. Кәсіптің дамуына кедергі келесі мәселе, тұтынатын судың тапшылығы. Тастақ жерден су шығара алмаған кәсіп иелері, ауыз суды алыстағы ауылдан тасуға мәжбүр. Интернет желісі мен телефон байланысын күре жолда пайдалану қиындық тудырады. Жалпы ұлттық санатқа ену үшін кәсіпкерлердің басымы жұмыс жасауға дайын. Ол үшін алдағы уақытта жергілікті билік өкілдерімен біріге жоспар түзіп, керек болған жағдайда жеңілдетілген несие де берілетін болады. Ал, барлық аудан бойынша анықталған олқылықтар, қорытынды жиында талқыланып, шешу жолдары қарастырылады.