– «Менің Отаным – Қазақстан» – оқушылар мен жастардың облыстық туристік экспедициясы.

Экспедицияға 14-16 жас аралығындағы 100 оқушылар  қатысты. Мақсаты – балалар мен жастардың патриоттық және азаматтылық сезімін тәрбиелеу, экспедициялық отрядтардың туристік-өлкетану қызметін белсендіру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Мейірімді, ашық және көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына тарту.

– «Астана-сердце Родины моей»

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында 2018 жылдың 20-23 тамыз аралығында «Астана-менің Отанымның жүрегі» жобасына сәйкес жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша іс – шара өткізілді. Жобаға Жамбыл облысының он ауданынан және Тараз қаласынан 12-16 жас аралығындағы дарынды оқушылар мен аз қамтылған отбасылардың балалары қатысты. Іс-шараға қатысушылардың жалпы саны 50-ге жуық адам еді. Оқушылар Астананың көрікті жерлеріне барды.

– Оқушылар мен жастарға арналған облыстық Күзгі туриадасын өткізу.

Халықаралық туризм күніне орай 2018 жылдың қыркүйек айында облыс оқушылары арасында Күзгі облыстық туриада өткізілді. Маршрут Жуалы ауданының «Берікқара» шатқалынан өтті. Қатысушылар саны – Жамбыл облысының 10 ауданы мен Тараз қаласынан жиналған 100 оқушы.