Көршілес Қырғызстан елінде АБЭД (Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі) кіші комитетінің кезекті кездесуі өтті. Қос ел өкілдерінің келелі кездесуі Бішкек қаласында болды. Онда Қазақстан мен Қырғызстанның тау туристік кластерін дамытуға жəне саладағы тың жобаларға баса көңіл бөлінді. Жамбыл облысы Қырғыз Республикасымен шектеседі және экономикалық дəліздің бір бөлігі біздің өңірден өтеді. Сондықтан маңызды жиыннан ЖОƏ Туризм басқармасы да қалыс қалмады. Басқарма басшысы Қарлығаш Аралбекова қос тарапқа тиімді ұсыныстарды тізіп Азия Даму Банкінің қолдауын қажет ететін бірқатар жобаларды тілге тиек етті. 

  – Меркі ауданында санаториялық-сауықтыру және агротуризмді дамыту,

  – маршруттардың құрамдастырылған турын әзірлеу,

  – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолы бойындағы сервис нысандарының құрылысы»,

  – кәдесый өнімдерін өнеркәсіптік деңгейде өндіру,

  – екі елдің қолөнер ісін бірлесіп дамыту және «қолөнершілер қалашығында» дәстүрлі қолөнер өнімдерін өткізу стратегиясы,

  – «Қар-Алма тау шаңғы кешені» жобасына инвестиция салу.