2019 жылдың 23-25 ақпан аралығында Жамбыл облысы әкімдігі Туризм басқармасының ұйымдастырумен  облыста алғаш рет «Тараз жеріне тағзым» жас турист фестивалі өткізілді.

        Жас турист фестивалінің мақсаты; Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай, алдымен туризм саласындағы жастардың үлесін арттыру. Жастар туризмін дамыту және оларға еліміз бен өңірдің бұл саладағы әлеуетін таныту әрі ақпараттындыру. Балалар мен жастардың патриоттық сезімін тәрбиелеу. Сонымен қатар, туристік-өлкетану жұмыстарын жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

        Фестивальға 14-18 жас аралығындағы 700-ге жуық оқушылар қамтылды. Іс-шараға Жамбыл облысымен қатар көршілес Алматы және Түркістан облыстарынан Алматы қаласы мен Шымкент қаласының жастары да қатысты.

       Фестивалдің алғашқы күндері (бірінші, екінші), арнайы даярланған экскурсиялық тур ұйысдастырылады. Мұнда қатысушы киелі Әулиеата жері мен 2000 жылдан аса тарихы бар Тараз шаһары жайында құнды апарат алып, мәдениетінен мәнді мәліметтер алды.

1. 1-күн. ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЭКСКУРСИЯЛЫҚ БӨЛІМ

/Қарахан кесенесі, Дәуітбек кесенесі, Көне Тараз қалашығы, Тектұрмас кесенесі, Жеңіс саябағы т.б облыс орталығының көрікті жерлері/

2. 2-күн. ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКСКУРСИЯЛЫҚ БӨЛІМ

/Айша бибі мен Бабажы Хатын кесенелері, Қазақ хандығы монументі, Әулие Бастау, Тау Самалы, Берік-Қара шатқалы, Төрткөл керуен сарайы, т.б /

3. 3-күн.  ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

 «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ»

/Достық үйі/

           Облыстық тарихи-өлкетану конференциясы Тараз қаласын және тұтастай бүкіл туған жерді зерттеу, тану және тарихи дамуы шеңберінде жүзеге асырылды.

Бірінші кезең

09.00-09.30   БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 

10.30-11.00   Конференцияның ресми ашылуы

12.10-12.30  Жастар туризімі бойынша келісімге қол қою 

Тақырып: Балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту перспективалары мен мәселелері.

Екінші кезең 14.00 мен 18.00 сағат аралығында – конференция, шеберлік сағаттары.

Мектеп оқушылары мен жастардың тікелей қатысуын көздейтін мастер-класстар, өңірдің туризм мәселелерін талқылауға бағытталды. Шеберлік сағаттары сұрақ-жауаптар мен пікірталас алаңдары форматында өткізілді.  Онда келесідей сайыстар қамтылды:

– Тараз қаласының тарихын білу

– Викториналардағы сұрақтарға жауап беру

– Тараз қаласына қатысты жұмбақтар мен басқатырғыштар конкурсы

– Тараз туралы өлеңдер мен аңыздар

– Жамбыл облысының картасы бойынша саяхат

   Сонымен қатар, фестиваль барысында, оқушылардың сурет, қолөнер жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылып, «Жас суретші», «Жас ұста» сайысы үйымдастырылды.

Сайыс нәтижесін арнайы тағайындалған қазылар алқасы анықтады. Жеңімпаздар мен арнайы аталымға ие болған қатысушыға дипломдар мен арнайы сыйлықтар қарастырылды. Конференция қорытындысы бойынша жобалар мен жұмыстардың жинақтамасын шығару жоспарланған.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ