2018 жылдың 15 желтоқсанында Тараз қаласында «Рухани жаңғыру» Республикалық бағдарламасы аясында «Көне Тараз шеберлері» атты халықаралық қолөнер көрмесі  Төле би көшесі, 23 Б мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық үйі» ғимаратында өтті.

Аталған көрме аясында әлемнің 8 елінен – Польша, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан шетелдік қонақтар мен туристер, инвесторлар мен және Қазақстанның 10 түрлі облыстарынан келген делегаттар қатысты.   

«Көне Тараз шеберлері» атты халықаралық қолөнершілер көрмесіне Ресей мен Орталық Азия елдерінен 20 шетел қолөнершілері, Қазақстанның 10 облысынан 20 қолөнершілер, сондай-ақ 40 жергілікті қолөнершілер қатысты. Көрме аясында қолөнер өнімдерінің келесі түрлері ұсынылды: керамика, тоқыма, зергерлік өнер, жібек және т. б.

Шетел және қазақстандық қолөнершілермен тәжірибе алмасу мақсатында қолөнершілермен шеберлік сабақтары келесі тақырыптарында өткізілді:

– Өзбекстандағы Жібек шаруашылығы, Юлдашев Пулатжон, Өзбекстан

– Киім дизайнындағы киіздің ерекшеліктері, Әсел Хайрула, Қазақстан

– Туристік брендтің ерекшелігі ретінде дәстүрлі қолөнер, Азиз Муртазаев, Өзбекстан

– Дәстүрлі тамбурлық кесте, Мұхамеджан Зейнелхан, Қазақстан

– Батыс Қазақстан зергерлік өнер стилі, Әбішевардак, Қазақстан

– Ағаш кесу. Авторлық қасық және кесе жасау, Сасин Владимир, Ресей

– Қонақ үйдің табыс құпиялары, Шайкенова Рашида,

«Көне Тараз шеберлері» халықаралық қолөнер көрмесі аясында 2 шығармашылық байқау өтті:

1. «Ежелгі Тараз» аймақтық жас қолөнершілер байқауы;

2. «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты балалар суретінің байқауы.

   «Ежелгі Тараз» өңірлік жас қолөнершілер байқауы – сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілер арасындағы сәндік-қолданбалы өнерді, ұлттық қолөнерді танымал ету, сондай-ақ, жас шеберлер арасында Тараз қаласы мен Жамбыл облысының үздік кәдесый өнімдерін анықтау, дәстүрлі стилді сақтай отырып, авторлық әзірлемелерді анықтау және сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнері шеберлерінің марапаттауларын ынталандыру мақсатында өткізіледі.

«Тараз – қолөнершілер қаласы» балалар суретінің байқауы – Тараз қаласының туристік брендін ілгерілетудің визуалды тасымалдаушыларын ресімдеу кезінде олардың суреттерін кейіннен пайдалану үшін көркем шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтауға, сондай-ақ балаларды көркем шығармашылық және өнер сабақтарына тартуға бағытталған байқау.

Байқауларды әділқазылар өткізді. Әділқазылар алқасының құрамына қолөнер және кәдесый өнімдері саласындағы өндірушілер мен кәсіпкерлер, қоғамдық туристік ұйымдардың өкілдері мен мектеп жағдайында және ғылыми қызметкерлер кірді. Осы конкурстарды өткізу барысында жеңімпаздар естелік сыйлықтармен және кәдесыйлармен марапатталды.

Күн соңында «Көне Тараз шеберлері» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі «Достық үйі» алдындағы алаңда концерттік-ойын-сауық бағдарламалары, сондай-ақ жаппай азық-түлік, спорттық жарыстар және т. б. ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара барлық жергілікті БАҚ-та жарияланды:

Облыстық газеттер мен ТВ

«Знамя труда»

«Ар-Ай»

«Жамбыл-Тараз»

«Ақ жол»

 «77TV» «Jambul TV»