Жамбыл облысы әкімдігі Туризм басқармасының ұйымдастырумен Тараз қаласында, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мәдени Мұра тұжырымдамасы туралы оқыту семинары өтуде. Іс-шара Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қаржыландыратын ЮНЕСКО-ның «ЮНЕСКО объектілері арқылы Қазақстанда тұрақты дамуға жәрдемдесу» жобасын іске асыру шеңберінде жоспарланған.

 Іс-шараның мақсаты:

· Жергілікті әкімдік өкілдерін, ЮНЕСКО объектілері мен басқа да мүдделі тараптардың басшыларын ЮНЕСКО-ның миссиясымен және ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасының тізіміне және ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттарының Дүниежүзілік желісіне енгізілген нысандармен таныстыру. Сондай-ақ ЮНЕСКО нысаны мәртебесін алу үшін әлеуеті бар мәдени және табиғи орындарды басқару, оларға қарау, күтім кезінде қойылатын талаптармен таныстыру. Сонымен қатар Жамбылдық тарихи-мәдени нысандарды ЮНЕСКО-ның жаһандық геосаябағының тізіміне қосу мәселелерін қарау.

· Жергілікті әкімшілік өкілдері, ЮНЕСКО нысандарының басшылары мен басқа да мүдделі тараптардың халықаралық ұйымның талаптарынан хабардар ету. Және халықаралық құжаттар мен олардан туындайтын рәсімдер мен міндеттемелер жөнінде арттыру.

· ЮНЕСКО объектілерін пайдаланудың халықаралық тәжірибесін ұсыну. Осы арқылы өңірдегі туризмді ілгерілету.

      Оқыту семинарына қатысушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының, мәдениет басқармасының, сәулет басқармасының, Білім басқармасының қызметкерлері. Жамбыл облысының аумағындағы ЮНЕСКО нысандарының басшылары және басқа да мүдделі тараптар. (Мыс: ЮНЕСКО объектілерінің айналасында жол салуға, жер ресурстарын басқаруға және т.б. қатысы бар мекемелер).

      Семинарды Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының өкілдері, сондай-ақ арнайы шақырылған жаттықтырушылар өткізуде