Жер жүзінің жаңарар шағында жамбылдық жұртшылық Көне шаһардың тазалығына көңіл бөлді. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігі Туризм басқармасының қызметкерлері де аталмыш акцияға атсалысты. Белгіленген қала бөлігін тазалап, абаттандырып ағаш отырғызды. Осылайша басқарма мамандары көктеммен қайта көгерген көне қаламыздың көркеюіне атсалысты.