Іс-шара атауы: «ТАРАЗ – ӨТКЕН МЕН БОЛАШАҚТЫҢ ТҮЙІСКЕН ҚАЛАСЫ»

Ұйымдастырушы: ЖОӘ Туризм басқармасы

Өтетін орны: Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы ауданы, Ақыртас сарай кешені

Күні: 30-31.02.2019

           8:00 – 18:00

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

                       «Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы»

        2019 жылдың 30-31 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі Туризм басқармасының ұйымдастырумен  облыста «Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы» атауымен жастар туристік форумы өткізіледі.

        Жастар туристік форумының мақсаты; Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай, алдымен туризм саласындағы жастардың үлесін арттыру. Жастар туризмін дамыту және оларға еліміз бен өңірдің бұл саладағы әлеуетін таныту әрі ақпараттындыру. Патриоттық сезімін тәрбиелеу. Сонымен қатар, туристік-өлкетану жұмыстарын жандандыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.

       Форум Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің бекітілген жоспары аясында ұйымдастырылыды. Және, РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ бағдарламасы мен «МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» туристік фестивалі аясында жоспарланған.  Ауқымды іс-шараға Жамбыл облысы мен аудандары сонымен қатар көршілес Алматы және Түркістан облыстарының ЖОО және колледжддерінен 700ден аса студен қатысты.

      2 күндік форумның алғашқы бөлігі «АҚЫРТАС» сарай кешенінде өтті. Шараның салтанатты ашылу салтанаты болып, оған министрлік өкілдері және де Басқарма басшылары қатысты.   Ашылу салтанатынан соң  Ақыртас кешенінде орналасқан VIZIT орталығында арнайы конференция ұйымдастырылып, онда облыс басшылығы мен министрлік өкілдер орамды ойларын айтып, туризмді дамытудың жолдарын талқылады.  Ал, жас қатысушылар үшін шеберлік сағаттары, және де түрлі байқаулар, флешмоб, QUEST, Тараз – жас турист көзімен сынды конкурстар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар жастар Қазақ мәденетіне қанығып, ұлттық тағамдардан да дәм тата алды. Ол үшін ҚАЗАҚ АУЫЛЫ жобасы қолға алынып киіз үйлер тігілді.

      Форумның 2-күнде қатысушылар 2000 жылдық тарихы бар Тараз қаласы мен Жамбыл облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштермен танысты.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

М.Бает

8702 337 27 17

merey.mb@mail.ru