2018 жылдың 13-15 желтоқсанында Ұлы Жібек жолының ең көне қаласы Таразда «Ancient Taraz-2018» халықаралық туристік форумы Төле би көшесі, 23 Б мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан халқы ассамблеясының «Достық үйі» ғимаратында өтті.

Шетелдік туристер мен қонақтар, инвесторлар мен делегаттар, Нидерланды, Түркия, Франция, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан секілді әлемнің 10 шақты елі және Қазақстанның 10 облысы Форум мен Көрме жұмысына белсенді қатысты.

Аталған форумда Жамбыл облысының туристік саласына әртүрлі инвестицияларды тарту, туризм қауіпсіздігі және осы саланы цифрландыру мәселелері қаралды.

Форум аясында келесідей шаралар өтті:

  1. «Қазақстандағы туризмді дамыту келешегі. Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру»

• Мырзахметов Асқар Исабекұлы, Жамбыл облысының әкімі, «Жамбыл облысының туристік әлеуеті, мүмкіндіктер мен даму жолдары

•Пискурев Владимир Владимирович,  Еуразия экономикалық серіктестік ұйымының бас хатшысы

  • Балғожин Жалғас Өмірзақұлы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы

  • Шәйкенова Рашида Рәшитқызы, Қазақстан туристік қауымдастығының директоры

  • Асанбаева Роза Әбдіхамитқызы, Қазақстан туристік қауымдастығының Президенті

  • шетелдік инвесторлар

  • Тақырыптар бойынша панелдік сессия:
  • Туризм саласына инвестиция тарту – туризм саласындағы қызмет көрсету сапасын арттырудағы маңызды фактор. Туристік тартымдылықты арттырудың негізгі факторы – қызмет көрсету мәселелерін шешу.
    • Жанна Прашкевич, DPR Studi жетекшісі, Novikov school сервис мектебінің кураторы
    • Ольга Пацюк, учредитель в Розница KZ құрылтайшысы
  • Туризм саласындағы сандық жүйе: мүмкіндіктер мен шешу жолдары
    • Бисембаев Алимжан, digital маркетолог
    • Владимир Денисов, электронды коммерция саласындағы сарапшы
    • Есенғожинов Арман Маратұлы, «AV-Software» ЖШС директоры
    • Егізбаев Дамир Алтынбекұлы, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры
  • Жергілікті туризм арқылы балалар мен жастардың патриотизмін дамыту.
    • Батуева Валерия Константиновна, Жамбыл Турситік индустрия қауымдастығының төрайымы
    • Веймер Альбина, «Золотой караван» туристік орталығының директоры
    • Галина Выборнова, Жамбыл облысы бойынша «Экспресс К» газетінің тілшісі, «Обелиск» тарихи-өлкетану орталығының төрайымы
    • Анна Крокошева, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бас сақтаушысы

Форумның басында Еуразия экономикалық серіктестік ұйымының бас хатшысы Пискурев Владимир Владимирович Жамбыл облысының туристік нысандар тізімін толықтырып, ресми түрде қос сертификатты салтанатты түрде табыстады. Енді «Ақыртас» сарайлар кешені (б.з. 8-9 ғ.) және «Айша бибі» мавзолейі (б.з.11-12 ғ.) «Бүкіләлемдік белгілі туристік нысандар тізіміне» кірді. Естеріңізге сала кетейік, осы беделді Дүниежүзілік тізімге біздің туристік объектілерді енгізу осы жылдың қараша айында Еуразиялық Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы әлемнің 80-нен астам елінің дауыс беруі нәтижесінде орын алды.

Форумның екінші күні жергілікті және шетелдік қонақтар үшін Тараз қаласының көрікті жерлері бойынша ақпараттық тур (8 нысан), «жылқы Тараз» тарихи-археологиялық саябағы, Қарахан мен Дәуітбек кесенесі, ерте Тараз мешіті, Қазақ хандығының 550 жылдығы монументі, Айша бибі мен Бабаджа Хатун кесенесі, сондай-ақ Ақыртас сияқты нысандар кіретін бағыт өтті.

Осы іс-шараны өткізу кезінде барлық қатысушылар үшін «қонақ үйінің табыс құпиялары. Қонақ үйлерді қоса отырып, турларды қалыптастыру».

Аталған іс-шара барлық жергілікті БАҚ-та жарияланды:

Облыстық газеттер мен ТВ

«Знамя труда»

«Ар-Ай»

«Жамбыл-Тараз»

«Ақ жол»

 «77TV» «Jambul TV»