Алматыда Орталық Азиядағы көрнекті көрмелердің бірі, туризм индустриясының жаңалықтары мен даму үдерісін паш ететін «Туризм және саяхат» халықаралық ХІХ KITF дәстүрлі көрмесі өтуде. Бұл көрме Алматыда 19-шы рет ұйымдастырылып отыр. Оған әлемнің 25 елінен 350 туристік компания қатысуда. Yш жүзден аса компаниялар ат басын тіреген көрме алаңы халықаралық туризм жетістіктерінің жаңалықтарын жариялап, алғашқы әріптестік келісімдерге қол қойылды деуге негіз бар.  
Халықаралық көрмеден Жамбыл олбысы әкімдігі Туризм Басқармасы да қалыс қалған жоқ. Дүние жүзінен келген қонақтар мен еліміздің әр бөлігінен келген туристерге Жамбыл облысының тарихи мәдени нысандарынан және Тараз жерінің тарихынан хабар бепруде. Сонымен қатар ауқымды шараға Жамбыл облысының туристік компаниялары да ат салысыда. Туристік сала өкілдер бір-бірімен тәжірибе алмасуда. Айта кетерлігі, көрмемен қатар шарада түрлі шеберлік сағаттары викториналық ойындар, халықтардың мәдениетінен хабар беретін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мамандардың сөзінше ауқымы кең жобаның барлық тарапқа берері көп.
Бүгінде KITF ішкі туризм рейтингінде медициналық және іскерлік туризмнен көш ілгері тұр. «Мың бояулы Алматы» өз қонақтарын биыл ерекше келбетте қарсы алып отыр. Маркетингтік зерттеулер нәтижесіне сәйкес осы 19 жылда ұйымдастырушылар 350-ден аса келісім-шарттарға қол жеткізсе, биылғы жылғы көрме аясында мыңнан астам келісімдер жасалады деген болжам бар.  Олардың көпшілігі қазақстандық туристік ұйымдардың арасында ішкі туризмді дамыту бағытында болмақ. Сонымен қатар, туризм саласын цифрландыру, медициналық туризм тақырыбында семинарлар жоспарланған.