• Бүгінгі Тараз
  • Тарихы
  • Анықтама

Қаланың бүгінгі келбеті Тарихы мол , құлдырау кезеңін, жойқын соғыстар мен қайта өрлеу кезеңін бастан өткеріп, талай атауға да ие болған Тараз қаласы көне мен жаңаны байланыстыра білген Жамбыл облысының рухани орталығы.Сондай-ақ оңтүстік өңірдің ірі өндірістік, сауда және мәдени орталығы болып табылады.

Тараз - 2000 жылдан астам тарихы бар қала. Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер - Ферғана алқабының соғдылары болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 - жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясының құрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді.

 

Тараз қаласындағы 26 шағын аудан: Ақбұлақ, Қаратау, Жайлау, Салтанат, Талас, Самал, Алатау, Мыңбұлақ, Аса, Жансая, Астана, Бәйтерек, Қарасу, Арай, Кектем, Жасыл кілем, Тонкуруш, Барыскан, Бурыл және т.б. Қаланың халық саны: 357 663 адам (2019 жылғы). Тараз қаласының халық санының 70% қазақтар. Қалада орыстар, өзбектер, корейлер, татарлар, түріктер, немістер, күрдтер, дүнгендер, қырғыздар, гректер, әзірбайжандар, ұйғырлар, шешендер тұрады. Қалада «Достық үйі» бар. Таразда Қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудан әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста бірдей 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбал фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауыты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауыты, т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр.