Тауға туристік сапармен шыққанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
— Нашар көрінгенде (тұман) немесе тәуліктің қараңғы уақытында жүрмеу керек. Маршрутқа барар алдында ауа райы болжамын қараңыз;
— Таулы жерлерге бармас бұрын ауа райы жағдайы мен кедергілерді, ықтимал қауіптерді ескеру керек. Егер ауа райы нашарласа, жоғары емес, төмен түсіңіз;
— Таулы маршруттарда жолды мұқият қадағалаңыз және аяғыңыздың астына, әсіресе жаңбырдан кейін мұқият қарап жүріңіз;
— Жарақат алып қалмас үшін тік беткейлерге көтерілмеңіз;
— Дененің қызып кетуіне, гипотермияға жол бермеңіз;
— Егер сіз балаларды өзіңізбен бірге тауға алып барсаңыз, олар үшін жауапкершілікті ұмытпаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз;
— Өзіңізбен бірге жеткілікті мөлшерде су және компас алыңыз;
— Егер сіз топпен немесе достарыңызбен саяхаттасаңыз олармен бірге болғаныңыз жөн. Міндетті түрде өзіңізбен бірге қажетті дәрі қоры бар медициналық қобдишаны алып жүріңіз. Қозғалыс қарқыны топтағы ең әлсізімен анықталады.
— Егер тауға бейтаныс маршрут бойынша алғаш рет шығып отырсаңыз онда бұған дейін осы маршрут арқылы жүрген адамды табуға тырысыңыз немесе осы маршрут туралы алдын-ала мәліметтерді біліп алған жөн. Ешқашан бейтаныс маршрут бойынша тауға жолсеріксіз шықпаңыз;
— Тауларда адасып, қауіпті жабайы жануарларға кезігіп, жартастан құлап кетуге болады. Қыста тауларда қар көшкіні жүріп, жазда тастар құлауы мүмкін. — Егер сіз тауға бірнеше күнге баратын болсаңыз, онда өзіңіздің ұялы телефон нөмірлеріңізді тәулік бойы жұмыс істейтін ҚР ТЖМ бөлімшелеріне 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз